Оңтүстік Корея кең ауқымды әскери жаттығулар бастады

Оңтүстік Кореяның қарулы күштері Солтүстік Кореямен шекаралық аумақта кезекті ірі әскери жаттығуларын бастады.

Өткен айда Солтүстік Корея оңтүстіктегі көршісін зеңбірекпен атқылағаннан кейін бұл екі мемлекеттің арасындағы жағдай ушығып кеткен болатын. Сол жолғы қарулы жанжалдан төрт адам көз жұмған.