Қазақстандықтар жаңа жылда төрт күн демалады

Қазақстандықтар Жаңа жылда төрт күн, ал Рождестода үш күн демалады.

2011 жылы 1 және 2 қаңтар сенбі мен жексенбіге сәйкес келгендіктен қазақстандық заңнамаға сәйкес демалыс күндері дүйсенбі мен сейсенбіге шегеріледі. Сондықтан Қазақстан халқы 1,2,3 және 4 қаңтарда демалады.

Қазақстанда 7 қаңтарда атап өтілетін Рождествода қазақстандықтар үш күн – 7,8 және 9 қаңтар (жұма, сенбі және жексенбі) күндері демалады .

2005 жылы республика парламенті «Еңбек туралы» заңға өзгерістер енгізіп, оған сәйкес православиелік Рождество – 7 желтоқсанды демалыс күн деп жарияланған.