Мәскеуде ұсталғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Бүгін Мәскеудің бітім соты 15 желтоқсандағы тәртіпсіздіктерге қатысты 15 әкімшілік істі қарайды.

Мәліметтерге қарағанда, ұсталғандарға айыппұл салынып, кейбіреулері 15 тәулікке дейін қамалуы мүмкін.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылып жатқандардың дені - жастар, біразы - кәмелетке толмаған жасөспірімдер.

15 желтоқсан күні Мәскеудегі Киев вокзалы маңында мыңдаған адам жиналып, соңы тәртіпсіздікке ұласқан болатын.