Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінді

Бүгін түнде Алматы облысында жер сілкінді. Елдің төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 104 шақырым қашықтықта орналасқан.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

23 желтоқсанда сағат 22.04-те облыстағы Алатау жотасында К=9,9 энергетикалық кластағы жер сілкінісі тіркелген.