Пәкістандағы шабуылдан полицей қаза тапты

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Куетта қаласында велосипед жарылып, полиция қызметкері қаза тапты. Талибан бүлікшілері белсенділік танытатын Балучистан өлкесіндегі шабуылдан да 4 адам жараланды.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.