Голландияда лаңкес деген күдікпен 12 сомалилік ұсталды

Полиция Нидерландыда лаңкестік шабуыл жасамақшы болды деген күдікпен Сомалидің 12 азаматын қамауға алды. Голландия прокурорларының айтуынша, олар жұма күні кешке Роттердам қаласында тұтқындалған.

Қамауға алынғандардың бірнешеуі Голландияның азаматтығын алған. Олардың алтауы Роттердамда тұрған. Ресми өкілдер сомалиліктердің қашан және қай жерде шабуыл жасамақ болғанын айтпады.