Мысырда америкалық туристер қаза тапты

Мысырдағы жол апатынан 8 америкалық турист қаза тауып, 21 турист жарақат алды. Мысырлық MENA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Асуаннан Абу Симлге туристерді алып бара жатқан автобус жексенбі күні таңертең апатқа ұшыраған.

Құрбан болғандардың алтауы - әйелдер.