Пәкістандағы шабуылдан 5 адам мерт болды

Пәкістан ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, сейсенбі күні Солтүстік Вазиристанда күдікке ілінген 5 бүлікші әуе шабуылынан қаза болды. Бұл шабуылды АҚШ күштері жүзеге асырған болуы мүмкін делінеді.

Дүйсенбі күні АҚШ әскерилері дәл осы аймаққа көктен соққы беріп, кемінде 18 бүлікшіні өлтіргендерін мәлімдеген.