Марғұлан Сейсембаевтың ісі сотқа тапсырылды

"Альянс банктің" бұрынғы жетекшілеріне қатысты іс сотқа тапсырылды деп хабарлайды сейсенбі күні Қазақстан бас прокуратурасы.

2009 жылдың қазан айында "Альянс банк" акционерлері Марғұлан мен Ерлан Сейсембаевтарға 16 миллиард тенгеден көп ақшаны ұрлады деген айып сырттай тағылды. Осы жылдың қазан айында прокуратура Қазақстанға оралған Сейсембаевтарға қатысты сот ісін қайта қарай бастады.