Алматы облысы: әскери бөлімшеде жеті жауынгер жарақат алды

Алматы облысы Үшарал қаласындағы №9807 әскери бөлімшеде төбеден құлаған темір-бетон жабынды жеті жауынгерді басып қалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға 28 желтоқсан күні болған. Әскери қызметкерлер мереке қарсаңында залды безендірумен айналысып жатқан.

Зардап шеккендер Үшарал қаласының ауруханасына жеткізілді.