Ертең күн тұтылады

Сейсенбі күні Еуропаның солтүстік аймағы 2011 жылдағы алғашқы күн тұтылуын анық байқай алады.

Күннің бетін ай жартылай жауып өтетін бұл құбылыс Швецияның солтүстігінен анық көрінеді.

НАСА-ның хабарлауынша, Еуропаның Лондон, Париж, Амстердам, Брюссель және Берлин сияқты ірі қалалары таңертең күн тұтылғанын көреді.

Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдері де күннің беті жартылай бүркелгеніне куә бола алады.