Шығыс Қазақстандағы Қалжыр өзені арнасынан асып, ауылға қауіп төндірді

Қырық градустық қатты аяздан Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Қалжыр өзенінің төменгі бөлігінде мұз қатып, өзен суы арнасына сыймай, егістік далаға жайылған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар қызметі хабарлап отыр.

Боран ауылдық округына қарасты Жаңауыл елді мекеніндегі тұрғын үйлерді қора-қопсысымен бірге қызыл су басып қалу қаупі бар.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, өзен мұзын жару үшін арнайы мамандар жіберілген.