Қырғызстанда полицейлердің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Азаттық радиосы қырғыз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстанда үш полиция қызметкерінің өліміне қатысты екі күдікті ұсталған.

Сейсенбі күні Бішкектің сыртындағы ауылда жүргізілген қауіпсіздік операциясы барысында үш полицей қаза тапқан еді. Бешкунгой ауылындағы операция барысында "Альфа" қауіпсіздік бөлімінің бір мүшесі де көз жұмды деп хабарланып отыр.