Қандағардағы шабуылды "Талибан" жасаған

Ауғанстанның оңтүстігіндегі жанкештілік жарылысқа байланысты жауапкершілікті
"Талибан" қозғалысы өз мойнына алды.

Пәкістанмен шекараға жақын Спин Болдак қаласындағы шабуылдан кемінде 17 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды. Қандағар өлкесіндегі жарылыс жұма намазының алдында, ер адамдар дәрет алып жатқан кезде болды.

"Талибанның" баспасөз хатшысы Кади Усуф Ахмадидің айтуынша, шабуыл шекаралық полиция қолбасшысына бағытталған.