ЖАҢАЛЫҚТАР Бағдадта бір отбасы түгелге жуық оққа ұшты 7 қаңтар 2011 жыл, 19:36 Бағдадта қарулы адамдар бір отбасын атып кетті. Ерлі-зайыптылар мен олардың үш баласы жұмаға қараған түні негізінен шиттер тұратын Хуссейния ауданында оққа ұшқан. Шабуылдан 2 жастағы бала ғана аман қалды деп хабарланып отыр.