Парламенттің бірлескен отырысы 14 қаңтарға белгіленді

Қазақстан парламентінің қос палатасы 14 қаңтарда бірлескен отырыс өткізеді деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі. Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановтың осы жөніндегі жарлығы сенбі күні ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Жұма күні Нұрсұлтан Назарбаев парламенттің президент өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі ұсынысын қабылдамаған болатын. Референдум өткізу жөніндегі ұсынысты өткен айда бастамашы топ көтерген еді, кейін бұл жоспарды парламенттің қос палатасы да қолдады. Оппозиция оны айыптап, бұл 2012 жылғы президент сайлауын болдырмау мақсатында жасалып отыр деп мәлімдеді.

70 жастағы Назарбаев Қазақстанды 20 жылдан астам уақыттан бері басқарып келеді.