АҚШ Иранда америкалық әйел қамалды дегенді жоққа шығарды

АҚШ-тан хабарлағандай, Иранда тыңшылық айыптары бойынша қамауға алынды деген америкалық әйел бостандықта жүр.

Мемлекеттік департамент өкілі Марк Тонердің айтуынша, АҚШ билігі ол азаматшаның Ираннан тыс жерде аман-есен жүргенін анықтаған.

Сенбі күні Иран полициясы Әзірбайжанмен шекарада Хәл Файалан деген америкалық азаматша тыңшылық айыптары бойынша қамалды деп мәлімдеген.