Лондон соты Ассанжды экстрадициялау мәселесін қарайды

Бүгін Лондон соты «Уикиликс» сайтының негізін қалаған Джулиан Ассанжды Швецияға экстрадициялау мәселесін қарайды.

39 жастағы Австралия азаматы Джулиан Ассанжды Лондон соты былтыр желтоқсанның 16-сы күні кепілдікке босатқан.

Швеция үкіметі оған «әйел зорлаған» деген айып тағып отыр. Бірақ Ассанж бен оның жақтастары АҚШ үкіметінің құпия жазбаларын жариялағаны үшін «Уикиликс» сайтының авторлары қудалауға түсті деп біледі.