АҚШ ирандық адвокаттың қамалуын айыптады

АҚШ Иранда адам құқықтарын қорғаушы жетекші адвокат Насрин Сотудехтің қамалуын айыптады. Мемлекеттік департамент баспасөз хатшысы Филип Кроули 11 жылға бас бостандығынан айырылған Насрин Сотудехті тез арада босатуға шақырды.

Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Ширин Ебади жетекшілік ететін Адам құқығын қорғаушылар орталығының мүшесі Сотудех "ұлттық мүддеге" қарсы әрекет етті деген айыппен түрмеге жабылды. Сонымен қатар оның 20 жыл адвокат болып жұмыс істеуіне тыйым салынды.

2009 жылғы даулы президент сайлауынан кейін Сотудех шетел бұқаралық ақпарат құралдарына сұқбат берген болатын.