Соңғы кезде қаудан ұрған оттай лаулап кеткен референдум идеясы – тек жағымпаздар мен өз қамын ойлаған шенеуніктердің ғана ісі емес. Ол – барып тұрған қастаңдық, әділетсіздік, қылмысты іс.
Кімге қастаңдық?
Ең бірінші, президентке қастаңдық. Оны көтермелеу емес, оны орға итеру, құлату, жардан ұшыру, аяғынан шалу, әлсірету мен жою әрекеті. Ал, керек болса! Шын ақиқат – осы, ағайын.
«Патша ауруы» деген ауру бар. Ол – әр заманда, әр патшада болған ауру. Айнала түшкірсең, «жәрәкімаллалап» тұратын ортада өмір сүрудің өзі бейнеттің бейнеті. Не сұрасаң да – қалағаныңды қабағыңнан танитын, не айтсаң да – «қоп болады» деп тік тұратын, не істесең де – «бәрекелдісі» әзір өңшең қошеметшілердің арасында жүрген адам ауру түгілі, жынды болып кету әбден мүмкін.
Патша үшін әрқашанда ең қиын іс – шын жағдайдан хабардар болу, шатаспау. Шындықты айтып, патша көңілін түсіргендер бастан айырылып жатқан заманда бұл қиындық тіпті алынбайтын қамалға айналады. Айнала да жанашыр «жылататын достан» «күлдіретін дұшпанға» айналады. Тарихтан белгілі: тек киімін ауыстырып, бетін жауып, жасырын тығылып, құпия түрде ара-тұра ел аралайтын патшалар ғана шындыққа көзін жеткізе алған.
Орыста «медвежья услуга» деген сөз бар. Дөрекі, дарақы жәрдем қастыққа бергісіз достық көмек мағынасында.
Осы біздің референдумыз да – тап сол.
Президенттің (референдум болсын, сайлау болсын) жеңбесіне күмәнданатын адам бар ма? Мықты қарсыласы аспаннан салбырап түссе де, жеңеді ғой, жеңеді... Тап осы қазіргідей «халық та қолдайды», БАҚ та шулайды... Онда бұл – президенттің не сасқаны, не адасқаны, не шатасқаны?
Сенесіз бе, бұның жауабын... Әй, қайдам, оның өзі де білмейді. Айналасындағы пысықайлардың «аю қызметі». Қызмет көрсетілетін адамның нақ өз көзін құртатын әрекет бұл.
Жә. Олай болса, онда неге оппозиция бұған атойлап жатқанын маған түсіндіріп беріңіздерші? Оларға президенттің «заң шеңбері айналасында» өткізілген сайлауда жеңгені дұрыс па, немесе осылай заңды өрескел бұзып, өзін масқаралайтын жолмен басын тығырыққа тірегені дұрыс па?
Сол біздің оппозициямыз үшін (түк түсінсем бұйырмасын) биліктің еш қате жібермей, елді дүрліктірмей жүргені дұрыс па, немесе әр қадамы шатақ, әр ісі былық, әр бастамасы сасық та пасық та болып жатқаны дұрыс па? Бұл не айғай? Қуанбай ма сүйіншілеп, елді күлдіріп: «Құдайдай мәңгілігіңіз құтты болсын, тақсыр» деп. Біздің халық ақымақ емес қой. Ал күлкілі болған жағдай (біліп қойыңыз!) ешқашан іске аспайды. Ойбайлай берсеңдер, керісінше, басыңа келеді. Қалжыңға айналдырып шаршы топтың алдында түйреп өтсең, б... жейтіндер тояды-ау тамағына, тояды-ау...
Бізде жөнді, дұрыс биліктің жоқ екенін кім білмейді? Айдан анық қой кімге болса да.
Әй, қайдам, бізде сол жөнді, дұрыс оппозициямыз да жоқ қой деймін. Проценттерін бөлісе алмай жүргендер халқын не қылсын... Қайран, жалғыз ауырған жүрек Мұқаң ғой... Бір халықтан – бір-ақ адам...
Қойшы, енді, осымен бітірейінші...
Жақсы! Келістік! Бізде билік те жоқ, оппозиция да жоқ болсын. Ал, олай болса, біз ше онда? Өзіміз бармыз ба, жоқпыз ба, ағайын?