Бразилияда су тасқынынан қаза болғандар саны 655-ке жетті

Соңғы деректер бойынша, Бразилиядағы табиғи апат салдарынан құрбан болғандар саны 655 адамға жеткен.

Су тасқыны мен көшкіннен әсіресе Рио-де-Жанейро штатындағы Нова-Фрибурго мен Терезополис қалалары қатты зардап шекті. Бұған дейін Қызыл Крест ұйымының өкілдері құтқару ісінде өздерімен ынтымақтаса жұмыс істеуге Терезополистің жергілікті билік орындарының белсенділік танытпай отырғанын айтып шағымданған еді.

Бразилия ақпарат құралдарының хабарлауынша, зардап шеккендерге арналған кемінде 170 тонна жедел көмек заттары діттеген жерге жеткізілмеген.

Бразилиядағы табиғи апат құрбандарын үш күндік аза тұту дүйсенбіде аяқталды.