Өскемендегі қоныстандыру колониясының арнайы комиссиясы 18 қаңтарда құқыққорғаушы Евгений Жовтистің шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Бұл турасында Азаттыққа Евгений Жовтисті қорғау штабының жетекшісі Сергей Дуванов хабарлады. Комиссия оның себебін Жовтисті түзелуге әрекет жасамады деп түсіндірген.
Жазаның үштен бірін өтеген ол таяуда өзін шартты түрде мерзімнен бұрын босауға хақы бар екенін жазған еді.
Құқыққорғаушы жол ережесін бұзып, кісі өліміне себеп болды деген айыппен 2009 жылдың 3 қыркүйегінде 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жовтис Қараой-Алматы тас жолының 131-шақырымында 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, жүргінші сол жерде қаза тапты.