Ауғанстанда 13 тұрғын бомбаға түсіп қаза болды

Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, сәрсенбі күні елдің шығысында жол бойына қойылған бомба жарылып, 13 адам құрбан болған.

Оқиға Пактика провинциясының Хошаманд ауданында болды. Қаза болғандар арасында әйелдер мен балалар бар.