Қытай АҚШ-тан жоғары технология алғысы келеді

АҚШ-қа сапары кезінде Чикаго қаласына барған Қытай төрағасы Ху Цзиньтао Американы жоғары технологиялық өнімдердің экспортына қойылған шектеуді жоюға шақырды. Оның мәлімдеуінше, шектеу жойылса, АҚШ-тың Қытайға бағытталған экспортының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Вашингтонда АҚШ іскерлерімен кездесуінде Цзиньтао өз елі «қару-жарақ жарысына» түспейтінін және әлемдік үстемдікке ұмтылмайтынын мәлімдеді.

Қытай төрағасы, сонымен бірге, ресми Бейжің - Тайвань мен Тибеттің жоғарғы билігі екенін Ақ үй сыйлауға тиіс деп мәлімдеді.

Ху Цзиньтаомен кездескен АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы мен Сенат мүшелері Қытайдағы адам құқының бұзылуына алаңдаушылық білдірді.