Ауған президенті парламент отырысын бастамақшы

Ауғандық депутаттардың айтуынша, президент Хамид Карзай сәрсенбі күні парламенттің алғашқы отырысын бастауға келіскен. Бұл ел конституциясын қиын халге душар еткен саяси дағдарысты тоқтатпақ.

Парламент депутаты Шукрия Баракзай мен Гул Паха Мажиди хабарлағандай, президент Карзай парламенттің ашылу сессиясын келесі айдың соңына дейін қалдырмауға келіскен.

Парван провинциясының өкілі Седиқ Ахмад Усманидің сөзіне қарағанда, депутаттар парламенттің ашылуын алдағы аптада өткізу жөніндегі Карзайдың ұсынысын қабылдаған.

Осының алдында Ауғанстан президенті қыркүйек айында өткен сайлау дауыстарын зерттеп жатқан арнайы соттың сұрауымен парламент отырысын бір айға кейінге қалдырған. Бірақ жаңа сайланған депутаттар отырысты өздері бастай беретіндіктерін айтқан.

Ауғанстандағы БҰҰ-ның өкілі де парламент отырысының кейінге шегерілгеніне алаңдаушылық танытқан.