Зырян қаласы тұрғындарының біразы сусыз отыр

Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян қаласында өткен сенбіде суық су құбыры желісінде болған апат салдарынан тұрғындардың бір бөлігі сусыз қалды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, апат болған жерде жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр.