Қырғызстанда заңсыз қару-жарақ цехы табылды

Қырғызстанның қауіпсіздік күштері Ош қаласының жанындағы Қара-Суу ауылында заңсыз қару-жарақ цехын тапты деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі. Облыстық милиция басшысы Памир Асановтың айтуынша, табылған цехта қару өңделген.

Осыған байланысты екі адам ұсталып, тергеу ісі басталды деп хабарланып отыр.