Мәскеу әуежайындағы жарылыстан кемінде 10 адам қаза тапты

Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, бүгін Мәскеудегі "Домодедово" әуежайындағы жарылыстан кемінде 10 адам қаза тауып, ондаған кісі жараланған. Ресейдің Тергеу комитетінің мәліметінше, жарылыс халықаралық рейс жолаушыларының келу залында болған. Оны жанкешті жүзеге асырған болуы мүмкін делінеді.