Еуропа кеңесі Косово премьерін айыптайтын баяндаманы қарайды

Косово премьер-министрі Хашим Тачи ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деп айыпталып отыр. Осы жөніндегі баяндама бүгін Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясына тапсырылады. Швейцариялық сенатор Дик Марти әзірлеген баяндамаға сәйкес, 1990-шы жылдардың аяғында Сербияға қарсы косоволық партизан соғысы барысында және одан кейін
Тачи ұйымдасқан қылмыстық желісін басқарған.

Косово үкіметі бұл айыптарды жоққа шығарып, аталмыш баяндаманы "жала жабу" деп атады.