АҚШ президенті Конгресте ұлтқа жолдауын оқып жатыр

АҚШ президенті Барак Обама Конгресте елдегі жағдай туралы жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын оқып жатыр.

Биылғы жолдау жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту, сыртқы сауда балансын жақсарту сияқты әлеуметтік-экономикалық тақырыптарға арналды. Сонымен бірге терроризмге қарсы күрес мәселесі де сөз болды.

Былтыр қараша айындағы сайлау нәтижесі бойынша АҚШ Конгресі Өкілдер палатасында көпшілік орынды республикалық партия иемденді, сондай-ақ Сенатта да демократтар саны бұрынғыдан азая түсті.