Исламабад пен Кабул бірлескен комиссия құрмақшы

Пәкістан мен Ауғанстан аймақта бейбітшілік орнату мақсатында бірлескен комиссия құрмақшы. Бұл туралы бүгін Исламабадта ауған әріптесі Залмай Расулмен бірге баспасөз мәслихатын өткізген Пәкістанның сыртқы істер министрі Шах Мехмуд Куреши мәлімдеді.

Расул екі ел арасындағы ынтымақтастық пен Ауғанстандағы тұрақтылық мәселесін талқылау үшін Пәкістанда жүр.

Ақпан айында Пәкістан, Ауғанстан және АҚШ өкілдері Вашингтонда кездеседі.