Бағдадтағы жарылыстан кемінде 14 адам мерт болды

Ирақ астанасындағы жарылыстан кемінде 14 адам қаза тауып, ондаған адам жараланды. Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, бүгін Бағдадтың негізінен шииттер тұратын Шуала ауданында жерлеу рәсімі өтіп жатқан кезде көлік жарылған.