АҚШ дипломаты екі пәкістандықты атып өлтірді

Жоғары лауазымды ресми өкілдердің айтуынша, бүгін Лахорда АҚШ консулдығының қызметкері екі пәкістандық мотоциклшіні атып өлтірген. Лахор полициясының басшысы Аслам Тариннің мәлімдеуінше, америкалық азамат "өзін-өзі қорғау үшін" әлгі кісілерді атқанын айтқан.

Сонымен қатар атыс болған жерге консулдықтан жіберілген машина екі адамды қағып кетіп, бір пәкістандық азамат көз жұмды деді Тарин.