Парламентте президент Назарбаев кезекті жолдауын жариялап жатыр

Бүгін сағат 11-де Астанада басталған парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауын жариялауға кірісті деп хабарлады парламенттен Азаттық тілшісі.

Бұл жиынға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, үкімет мүшелері, облыс әкімдері, шетелдік дипломаттар, халықаралық ұйымдар мен жұртшылық өкілдері қатысып отыр.

Биылғы жолдау әлеуметтік мәселелерге арналады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың парламенттегі жолдауы мемлекеттік телеарналардан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.