Нельсон Мандела ауруханада

Оңтүстік Африка үкіметі бұрынғы президент Нельсон Манделаның ауруханада арнайы медициналық тексеруден өтіп жатқанын растап, оның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді. Бүгін кешке Оңтүстік Африканың бас хирургы 92 жастағы Манделаның жағдайына қатысты брифинг өткізеді деп хабарланып отыр.

Апартеидке қарсы күрескен Нельсон Мандела 27 жыл түрмеде отырған. Қамауда отырғанда туберкулезбен ауырған еді. Ол - Оңтүстік Африка Республикасының алғашқы қара нәсілді президенті болып сайланған адам.