Пәкістандағы шабуылдан 5 адам мерт болды

Пәкістан ресми өкілдерінің айтуынша, елдің солтүстік-батысындағы Пешавар қаласында болған жарылыстардан 5 адам қаза тапты. Жергілікті полиция өкілінің мәлімдеуінше, дүйсенбі күнгі шабуыл Пешавар полициясы басшысының орынбасары Рашид Ханның көлігіне жасалған. Ханмен бірге үш адам мерт болып, 7 кісі жараланды деп хабарланып отыр.

Бұл шабуылдан кейін үш сағат өткен соң Пешаварда тағы бір бомба жарылып, полиция қызметкері опат болды. Екі шабуылға байланысты жауапкершілкті "Талибан" өз мойнына алды.