Әзербайжан азаматтары Египеттен шығарылды

Әзербайжанның 100-ге жуық азаматы бүгін арнайы чартерлік рейспен Египеттен эвакуацияланды деп хабарлайды Азаттық радиосының Әзербайжан қызметі.

Сонымен қатар Египеттегі шерулерде оққа ұшқан 25 жастағы бухгалтер Нижат Қочаевтің мәйіті Бакуге жеткізілді. Ол Каирдегі Әзербайжан елшілігінде жұмыс істеген. Елшіліктің бірінші хатшысы Хикмат Хажиевтің айтуынша, қауіпсіздік себептеріне байланысты Әзербайжан азаматтары Египеттен тез арада шығарылуы тиіс.

Бұл елде президент Хосни Мүбәрәкке қарсы шерулер жалғасып жатыр.