Египетте елдегі тұтынушыларға интернет қызметін ұсынып келген провайдерлердің соңғысы – «Ноор груп» компаниясы жұмысын тоқтатты. Провайдерлерді осындай шараға баруға мәжбүр еткен билік елде президент Хосни Мүбәрәкке қарсы наразылық шерулерін жалғастырып жатқан жұртшылықты интернеттен ажыратуға өткен аптадан бастап кіріскен еді.
Сонымен бірге мобильдік телефон байланысына да шектеу енгізілгені туралы хабарланып жатыр.
Алайда Google компаниясы Египет тұрғындарына «Твиттер» әлеуметтік желісіне интернетсіз шыға берудің жаңа мүмкіндігін ұсынды. Енді телефон арқылы ауызша қалдырған хабарды «Твиттерге» шығаратын жүйе іске қосылды.