Пан Ги Мун Беларусь билігін адам құқықтарын сақтауға шақырды

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Беларусь үкіметін «демократия принциптерін құрметтеп, адам құқықтарын сақтауға» шақырып, елде абақтыда отырған оппозиция өкілдері мен азаматтық қоғам белсенділерін бостандыққа шығаруға үндеді.

Бұның алдында АҚШ пен Еуропа одағы Беларусьтің президент Александр Лукашенко бастаған ондаған лауазымды шенеуніктерінің АҚШ пен Еуропа одағы аумағына келуіне тыйым салатын жаңа санкциялар енгізген.

Ресей Беларусьқа қарсы мұндай шешімді «нәтиже бермейтін» шара деп қабылдады.