"Домодедоводағы" жарылысқа қатысты күдіктілер ұсталды

Мәскеудің "Домодедово" әуежайындағы жарылысқа қатысты бірнеше күдікті қамауға алынды. Бұл туралы бүгін Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников хабарлады.

Қаңтардың 24-дегі шабуылдан 36 адам қаза тауып, 180-ге жуық кісі жарақат алды.