Ермұхамет Ертісбаев: Оппозиция кезектен тыс сайлауда жеңіске жете алмайды

Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев «Новости-Казахстан» агенттігіне берген сұқбатында «бес жылдың ішінде жасамағанды екі айдың ішінде жасау оппозицияның қолынан келмейтінін» айтқан.

Екі айдан соң өтетін кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жетуіне «еш мүмкіндігі жоқ екендігін оппозицияның өзі де жақсы түсінеді» деп мәлімдеді Ертісбаев. Ол Нұрсұлтан Назарбаев бұл жолы сайлаушылардың «тоқсан пайыздан артық дауысына ие болатындығына» сенеді.

Бүгін ресми басылымдарда Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 2011 жылғы сәуірдің 3-іне тағайындау туралы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы жарияланды.