Египет вице-президенті Омар Сулейман бүгін бір топ танымал тұлғалармен кездесіп, өкіметті президент Хосни Мүбәрәктән өтпелі билікке тапсыру жолдарын талқылайды.
Екі аптаға жалғасқан наразылық шарасынан кейін Мүбәрәк басқарудан "тойып кеткенін" айтып, тақтан кеткісі келсе де, өзінен кейін елде тәртіпсіздік орнай ма деп қауіптенетінін мәлімдеді.
Жұма күні Каир мен Александрия қалаларында және тағы басқа аумақтарда жүздеген мың адам шеруге жиналып, президент Мүбәрәктің биліктен тезарада кетуін талап етті. АҚШ президенті Барак Обама Мүбәрәк елдегі дағдарысты аяқтауға көмектесу үшін "дұрыс шешім" қабылдайды деп үміттенетінін жеткізді.