Жексенбі күні Иранның оппозициялық вебсайттары жазып жатқандай, оппозиция жетекшілері Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Кароуби Египет пен Тунистегі шерушілерді қолдап, шеру өткізу үшін биліктен рұқсат сұрады.
Иранның оппозициялық жетекшілері аймақтағы елдердегі халықтың диктаторлық режимге қарсы шығып, еркіндікті көздеген қадамдарына қолдау білдіру шарасын ақпанның 14-і күні Теһранда өткізуді ұсынған.
Мусави мен Кароуби 2009 жылдың маусымында Ирандағы президент сайлауында Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына қарсылық танытып, елде өткен жаппай наразылық шерулеріне жетекшілік еткен.