Египеттегі наразылық білдірушілер тарамай тұр

Каирдің Тахрир алаңындағы наразылық білдірушілер биліктің конституциялық реформа жасауға уәде бергеніне қарамастан әлі тарамай тұр. Олар президенті Хосни Мүбәрәктің қазір кетуін талап етеді.

Үкімет өзгерістерге бас-көз болу үшін Мүбәрәк билікте қала тұрсын деген болатын.

Жексенбі күнгі билік пен оппозициялық топтар кездесті. Кездесуден шыққан оппозиция бұл қадамға көңілі толмайтынын білдірді.

Нобель сыйлығының лауреаты Мохамед Әл-Барадейдің айтуынша, келіссөз жария өтпеген.