Египетте билікке қарсы жаппай шеру өткізушілер президент Хосни Мүбәрәкті кетіру үшін азаматтарды жұма күні тағы да көшеге шығуға шақырды.
Каирдің орталығындағы Тахрир алаңында жүздеген шеруші тұр. Египеттегі қарсылық шарасының басталғанына екі апта болды. Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының дерегі бойынша, содан бері 300-дей адам мерт болған.
Президент Мүбәрәк қызметтен кетпейтінін, бірақ қыркүйекте өтетін сайлауда өз кандидатурасын ұсынбайтынын мәлімдеген еді.
АҚШ Египетте еркін сайлау өтуін жақтайтынын мәлімдеді, бірақ сайлауды асығыс өткізу елдегі тұрақтылыққа қауіпті деді.