Тайваньда Қытай тыңшысы деген күдікпен бір генерал ұсталды

Тайваньда Қытайдың тыңшысы болды деген айыппен лауазымды әскери тұлға тұтқындалды.

Парламенттегі оппозиция өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл оқиға - ұлттық қауіпсіздің жүйесіндегі елеулі кемшілік бар екенінің дәлелі.

Қытай 1940-жылдардың аяғындағы азаматтық соғыстан бері Тайваньды бүлікшіл провинция деп санайды. Аралдағы ел президенті Ма Инцзю болған соң, 2008 жылдан бастап екі ел арасы жақсара бастаған.