Шетел мамандарына Қазақстанға арнап оқулық жазғызу

Қазақстан білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

Қазақстан білім және ғылым министрлігі қазақстандық оқулықтарды көршілес шет мемлекеттер ғалымдарына жазғызбақ ниетте.

«Оқулық жазу – өте күрделі іс. Сондықтан біз қазір көршілес республикалардан сарапшылар мен ғалымдар шақырып отырмыз. Ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша да біз көрші елдердің жетекші ғалымдары мен ауторларды тартатын боламыз», – деп хабарлады тамыздың 27-і күні өткен онлайн-конферения кезінде Қазақстан білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев.

Сіздіңше, Қазақстанда мектеп оқушылары мен студенттерге арнап оқулық жазып құрастыруға отандық ғалымдарды неге тартпайды?