Роза Бағланова Алматыда жерленді

Әйгілі қазақ әншісі Роза Бағланова бүгін Алматыда жерленді.

Ақпанның 10-да Абай атындағы Опера және балет театрында жиналған Роза Бағланованың үзеңгілес достары мен туыстары, қарапайым жұрт әншіні соңғы сапарға шығарып салды.

89 жасында бақилық болған Роза Бағланова Кеңсай қорымына қойылды.