БҰҰ-ының адам құқтары мекемесінің басшысы Ресейге барады

Бүгін БҰҰ-ының адам құқтары бойынша жетекшісі Нави Пиллэйдің Ресейдегі бір апталық сапары Мәскеуде басталады.

Ресей астанасы мен Санкт-Петербор қалаларында Пиллэй ханым елдің жоғары лауазымды шенеуніктерімен, Мемлекеттік Дума депутаттарымен және президент Дмитрий Медведевпен кездеседі.

Келіссөздерде Ресейдегі адам құқтарының қорғалу жағдайы және оны жақсарту, жетілдіру жолдары сөз болмақшы.