Йеменде шерушілер президенттің кетуін талап етті

Йемен астанасы Санада ел президенті Али Абдалла Салехтің кетуін талап еткен мыңдаған студент пен заңгер тағы да көшеге шықты. Қауіпсіздік күштері тікенді сым құрып, наразылық білдірушілерді алаңға өткізбей қойды дейді куәгерлер. Ақпанның 13-і, жексенбі күні полиция мыңға тарта шерушіні қуып таратқан.

Йемен - Таяу Шығыстағы Египет пен Тунис өзгерістері қатты әсер еткен елдердің бірі.